оқу-ісі жөніндегі орынбасары
Бейсембекова Анар Сериковна
Туған жылы: 07 желтоқсан , 1979 жыл
Ұлты: қазақ
Білімі: жоғары, Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ, 2013 жыл.
Жұмыс орны:“Киевка №2 ЖОББ қазақ мектебі”КММ
Жалпы стажы: 13 жыл
Педагогикалық стажы: 13 жыл
Курстардан өткен уақыты: 2015 ж.
Санаты: жоғарғы
Оқыту проблемасы: Оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуге дағдыландыру.
Электрондық мекен-жай: bieisiembiekova.anar.79@mail.ru
Мектеп директорының оқу-тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары Бейсембекова Анар Сериковнаның лауазымдық міндеттері:
Мектептегі оқу-тәрбие жұмысының ұйымдастырылуын, оқу бағдарламасының орындалуын, сабақтың берілу сапасын, оқу-тәрбие процесінің ұйымдастыру жүйесін, оқушының сабаққа қатысуы мен үлгірімін бақылайды, мұғалімнің сағат жүктемелерін, сабақ кестесін жасайды.
1. Мектептегі әдістемелік жұмыстарды ұйымдастырады және оқу-тәрбие жұмысының есебін береді.
2. Директормен бірлесіп сыныптарды жасақтайды.
3. Тоқсандық және жылдық мектептің жұмыс жоспарын жасайды.
4. Мұғалімдердің тақырыптық жұмыс жоспарын жасауға басшылық етеді және бекітеді. Мұғалімдердің сабақ жоспарының сапалы жасалуын бақылайды және оқу үдерісін жоспарлауды үйретеді.
5. Мектеп оқушылары үшін сабақтың және сабақтан тыс жұмыстардың (кеңес беру және қосымша сабақтар) кестесін жасайды.
6. Жұмысқа келмеген мұғалімдердің орнын алмастырады, келмеген мұғалімдердің орнына сабақ бергендердің есебін жасап отырады. Айлықтың табелін жасайды.
7. Сабаққа, сабақтан тыс ұйымдастырылатын іс-шараларға қатысып, сараптайды, әдістемелік көмек береді. Бір аптада 10-12 (бақылау) сабақтар мен іс-шараларға қатысуға тиісті.
8. Сабақта техникалық құрал-жабдықтарды пайдалануын бақылайды және ұйымдастырады.
9. Директормен бірлесіп мектепішілік бақылаудың кестесін жасайды. Оған оқушылардың білімін жан-жақты бақылауды, тексеру мерзімін, бақылауға жауапты адамды, тексеру қорытындысын ендіреді.
10. Оқу бағдарламасының орындалуын бақылайды.
11. Мектептегі әдістемелік жұмыстарды, мұғалімдердің озат тәжірибесін қорытады және таратуды ұйымдастырады.
12. Мектеп оқушыларының дәптерін, күнделігін, сынып журналының толтырылуын тексереді.
13. Оқушылардың мінезі мен үлгірімін бақылайды.
14. Оқу ісінің меңгерушісіне қатысты шешімдермен қаулылардың орындалуын қадағалайды.
15. Нашар оқитын және мінез-құлқында ауытқушылығы бар оқушылар тобына жеке бақылау жасайды.
16. Жергілікті комитеттің өндірістік комиссиясының жұмысына көмек береді.
17. Мұғалімдердің өзіндік білім көтеруін ұйымдастырады.
18. Сырттан келушілерді қабылдайды.
Бiлуi керек. Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының “Бiлiм туралы”, “Қазақстан Республикасындағы бала құқығы туралы ” заңдарын, басқа да бiлiм берудегi нормативтiк құқықтық актiлердi (педагогикадағы, педагогикалық психологиядағы, жасөспiрiмдер физиологиясының, мектеп гигенасының); қазiргi психолого-педагогикалық ғылыми және практикалық жетiстiктердi, социалогия негiздерiн, экономиканы, еңбек туралы заңдарды, бiлiм ұйымындағы қаржы-шаруашылық жағдайын, еңбек қорғау және техника қауiпсiздiгi нормалары мен ережелерiн, өндiрiстiк тазалық және өртке қарсы шаралар ережесiн.
Мамандыққа қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық бiлiм және педагогикалық жұмыс өтiлi 5 жылдан кем болмауы керек.